Қарағанды облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,2%-ға өсті
Жыл басынан бері Қарағанды облысында өңдеуші сектордың өсуі 6,3%-ды құрады, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 433 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.

– Жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс өнеркәсібінің нақты көлем индексі 105,2%-ды құрап, маусым айы бойынша көрсеткіш 0,2%-ға өскені байқалды. Өңдеу секторының жартыжылдықтағы өсімі 6,3%-ды, шойын мен болат өндірісі көлемінің өсуі тиісінше 4,6%-ды және 0,7%-ды құрады, – деді облыс әкімі.
Оның айтуынша инвестицияның 30%-дан астамы өндірісті техникалық қайта жабдықтау мен автоматтандыруға бағытталған. Жыл соңына дейін облыста 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен, жалпы құны 322,8 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба іске қосылады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 118,4 млрд теңгені құрады, жыл соңына дейін АӨК саласында 65,4 млрд теңгенің 32 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



