Жаңалықтар
Дәрігерлерге ризамын
Жуырда аяқ астынан ауырып, құлағыма ота жасатуға тура келді. Содан Қарағандыдағы облыстық медицина орталығының отоларингология бөлімшесіне бардым. Мұндағы дәрігерлер жылы қабылдап, дереу іске кірісті. Қазір құлағым естіп, көңіл күйім жақсарды. Осы орайда, бөлімше меңгерушісі Нұрлан Күлмағанбетовке, хирург Тимур Ахметовке, медбике Динара Қасимбековаға және тағы басқа ақ халатты абзал жандарға шексіз ризашылығымды білдіргім келеді.
Шаттықгүл САРЫМСАҚОВА.
ШЕТ ауданы.