Басты тақырыпРесми

Cпикер даңқты бапкермен кездесті

   

       Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, халықаралық спорт шебері Александр СТРЕЛЬНИКОВПЕН кездесті. Қазақстанның олимпиада чемпионы, бүгінде Мәжіліс депутаты Серік Сәпиевтің тәлімгері мерейлі 60 жасқа келген.

Соған орай, Нұрлан Нығматулин Александр Стрельниковты мерейлі мерекесімен құттықтап, оның Қазақстан боксын даKZK_0014мытуға қосқан үлесін айрықша атады.

Сонымен қатар, спикер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен спорт саласы жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, дене шынықтырудың жалпы мемлекеттік саясаттың бір басымдығы екеніне тоқталды. Халықаралық және олимпиада ойындары жеңімпаздарының шоғыры – бұған жарқын дәлел. Ал, ел боксы әлемде алдыңғы қатарлы орынның бірін иеленген.

Кездесу барысында Қазақстандағы спорттың келешегі  туралы, соның ішінде бокс, саламатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу ісі де сөз болды.

Александр Стрельников алдағы жоспарларымен бөлісті. Даңқты бапкерде мақсат айқын, ол –  болашақ чемпиондарды тәрбиелеу.

Өз тілшімізден.

 

 

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button