Ресми

Бірегей зауыт бой көтерді

         IMG_8816Бейсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысуымен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында отқа төзімді материалдар шығаратын «Seven Refractories Asia» зауытының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстандағы бизнестің дамуына жасалып жатқан қолайлы жағдай шетел инвесторларын елімізде жоғары теxнологиялық заманауи кәсіпорындардың құрылысына қаржы құюға деген қызығушылығын оятуда. Соның бір дәлелі – «Seven Refractories Asia» зауытының іске қосылуы.

– Бұл зауыттың ашылуы – Елбасы тапсырмалары орындалуының тағы бір көрінісі. Материалдың бұл түрін өндіретін зауыттың Қазақстанда баламасы жоқ.  Сондықтан, еліміздегі жүйе құраушы «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Казцинк» сынды ірі кәсіпорындардың отқа төзімді материалдарға деген сұранысы өте жоғары. Бұған дейін аталған кәсіпорындар бұл материалдарды шетелден сатып алып келсе, енді, Қарағандыда орналасқан зауыттан алатын болады. Өз кезегімде, бұл зауыттың бой көтеруіне бірден-бір себеп болған «Seven Refractories Asia» зауытының президенті Эрик Зобецке алғысымды білдіргім келеді, – деді Ерлан Қошанов.

Сөйтіп, шара барысында «Seven Refractories Asia» компаниясы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамымен және «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен отқа төзімді материалдармен қамтамасыз ету бойынша бірлесе жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды.

  • Жылына 45 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы «Seven Refractories Asia» зауытының құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталды. Өнім негізінен қара, түрлі-түсті металлургия, цемент өндіру, мұнай және мұнай-газ өнеркәсіптерінде қолданылады. Ал, зауыттың Қазақстанда, нақтылай келсек, Қарағандыда ірге қалауының себебі – мұнда ірі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ орналасқан және Ресейдегі зауыттардан да қашық емес. Ең бастысы, отқа төзімді материалдарды өндіруге қажетті шикізат көздері бар Қытай елінен алшақта емеспіз, – деді «Seven Refractories Asia» ЖШС-ның Бас директоры Максим Глазунов.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button