Балалардың жазғы демалысына 352,3 миллион теңге бөлінген
Балалардың жазғы демалысы мен сауығуына Қарағанды облысында бюджеттен 352,3 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жазғы демалыстың және бос уақытты толтырудың бірнеше түрлерімен 174 мың (98%) 1-10 сынып оқушыларын қамту көзделіп отыр, деп мәлімдеді Білім басқармасының баспасөз-қызметі.
Осы жазда 14 мың оқушы 12 қала сыртындағы лагерлерде демала алады, 126 мың оқушы 378 мектеп жанындағы лагерлерде болады, 315 салалық алаңдарда тағы 14 мың бала бос уақытын өткізеді.
Қаладан тыс лагерлерге бірінші кезекте аймағымыздың тоғыз балалар үйілерінің тәрбиеленушілері аттанады. Тағы 732 мектеп оқушылары да бюджет есебінен қала сыртындағы лагерлерде демалу мүмкіндігіне ие болды. Жазда облысымызда үйірмелер, еңбек жасақтары, спорттық-туристік секциялар мен қосымша білім ұйымдары жұмыс істейді. «Үш тілділікті енгізу бойынша жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде биылғы жылы жазғы тіл үйрету мектептерінің саны ұлғайды – 101-ден 139-ға дейін.
Қарағанды облыстық Білім басқармасының мәліметінше, осы жазда 10 мың жоғарғы сынып оқушылары қосымша ақша табады. Олардың 255-і кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар бойынша төрт сағаттық жұмыс атқарады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі