Жаңалықтар

Балаларға – мол мүмкіндік

«Астана ЭКСПО – 2017 ҰК» АҚ, облыс әкімдігі және облыстың кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Көрнекі сурет

Қарағандыға арнайы келген Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанова меморандум аясында қарағандылық оқушылар да «ЭКСПО – 2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны – «Нұр Әлем» сферасында ашық сабаққа қатысу мүмкіндігіне ие болады деген ойда. 
Туризм – кез келген ел экономикасының ажырамас бөлшегі. «ЭКСПО – 2017» көрмесі өткізілген бір жылдың өзінде Қазақстанда сыртқы туризм 18 пайызға, ішкі туризм 24 пайызға өскен. Бұл – оқушылар мен студенттердің көрмеге қатысу белсенділігіне байланысты болып отыр. Көрме нысандары ашылған сәттен бастап, «Нұр Әлем» сферасына 13 мың оқушы мен 2700 студент келген екен. Айта кету керек, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне қатысушылардың басым бөлігін Қарағанды облысының оқушылары құраған.
Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігімен келіссөздер жүргізу үстінде екенін айтты. Болашақта мектеп оқушылары әлемнің әр түпкірінен жиналған ғарышкерлермен кездесіп, қолтаңбасын алу мүмкіндігіне ие болады. Шара «Нұр Әлем» сферасының жетінші қабаты – «Ғарыш энергиясы» қабатында жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Роза Абдышахитқызы физика, биология, тарих, герография, химия, туризм және өзге де пәндер бойынша «Kids Future Enerdgy» және «Students Future Enerdgy» аясында сфераның өзінде ашық сабақтар өткізу тиімділігіне тоқталды. 
Астана қаласының мектеп оқушыларымен өткізілген жаратылыстану пәндері бойынша ашық сабақтар жақсы меңгерілуде және оқушылардың сабаққа деген ынтасы артқан. Болашақта танымалдығы жағынан Париждегі ең танымал сәулет туындысы – Эйфель мұнарасымен қатар бағаланады деген болжам жасалған «Нұр Әлем» сферасында өткізілген сабақтар балалардың шынымен тарихқа, ғылымға деген қызығушылығын оятатыны сөзсіз.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button