Балқашта жүрегі оң жағында орналасқан сәби дүниеге келді
Балқаш қаласының дәрігерлері туа бітті паталогиялары бар сәбидің өмірін сақтап қалды. Мәлім болғандай, қыз баланың ішкі ағзалары ауысып кеткен. Оның жүрегі оң жағында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, шақалақ 24 тамыз күні 3 келі 702 грамм салмақпен (бойы 54 см) дүниеге келді. Туа сала оған бірқатар ауыр диагноздар қойылған – диафрагмалы жарық ауруы, туабітті пневмония, өкпелердің гипоплазиясы, жаңа туған нәрестенің гемморагиялық сырқаты, асқазанға қан кету, ішектің парезі және анемия. Бұдан бөлек, баланың жүрегі оң жағында орналасқан. Сәби дүниеге келгенде оның жағдайы «өте ауыр» деп бағаланған болатын.
Науқастың жағдайына байланысты оны көлікпен тасымалдау мүмкіндік болмады. Сол себепті санавиация желісі бойынша дәрігерлерді алдыртып, шұғыл түрде ота жасау шешімі қабылданды.
«Балаға облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері операция жасады. Лапаротомия жасалды, плевра қуысынан ішкі ағзалар алынып тасталды. Бауырдың сол жақ бөлігінен және көк бауырынан диафрагмалы жарық алынды. Ота екі сағатқа жуық уақытқа жалғасты. Қазір сәби өзін жақсы сезінуде және үйіне шығаруға дайындалуда. Қажетті барлық медициналық көмек көрсетілді», – деп мәлім етті ведомстводан.