Жаңалықтар

Бұзақылар қылығы – елге сын

Бұзақылар бүлдірген ескерткіш қалпына келтірілуде. 22-23 шілде күні Қарағандыдағы орталық саябақта шахтерларға қойылған мемориалдық нысанға бұзақылар шабуыл жасаған болатын. Ескерткіштің құйма тасын сындырып, мыстан құйылған белгілерді қолды қылған.

Бұдан басқа, орындықтарды қиратып, темекі шоқтарын гүлзарға тастап, жөнсіз жайттар орын алған.

Қазір тиісті мекеме қызметкерлері шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, олқылықтың орнын толтыруда.

«Біз Теміртау фирмасына гранитті плитаға, дәл, сол өлшеммен тапсырыс бердік. Сонымен қатар, жергілікті фирмамен келіссөз жүргізіп отырмыз. Біздің жоспар бойынша, гранитті плита мен белгілерді шынымен қаптаған жөн» – дейді «Саябақтар, мәдениет, демалыс және алаңдарды басқару» мекемесінің бас инженері Талғат Смайылов.

Түскен шағым бойынша, іс тергеу үстінде.

Ендігіде, мұндай бұзақылық орын алмау үшін, қоғамдық тәртіпті күшейту керек

Қасымхан ҒАЛЫМ,

 «Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button