Жаңалықтар

Бүгін – Тоқтар Әубәкіровтің туған күні

1946 жылдың 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-Май ауылында қазақ елінің батыры дүниеге келді. Оңғарбай мен Қамияның осыған дейін өмірге келген перзенттері бірінен соң бірі шетінеп кеткендіктен ұлдарының есімін ырымдап, Тоқтар қояды.

Адамзат аспан әлеміне қазақ жері арқылы жол салды. Ғарыш айлағын тұрғызды. Алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринді ұшырды. Кейін де аспан әлеміне бірнеше экспедиция жіберілді. Ал жер иесі, қазақ ұлтының ұландары өз жерінде өгейлік көріп, шетте қалды.

1991 жылдың 2 қазаны күні Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде «Союз ТМ-13» зымыранымен ғарыш кеңістігіне көтерілді. Бір апта бойы аспан әлемін зерттеп, өзіне берілген тапсырманы абыроймен орындап шықты. Ал, 10 қазан күні Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, австрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге оралды. Бұл күн ел тарихына алтын әріппен жазылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button