Жаңалықтар

Бұқар жыры – мәңгілік

Бейсенбі күні «Достық үйінде» Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.

Бұқар жырау 350 жыл логтотип

Айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов тізгіндеген сайыста облысымыздың түпкір-түпкірінен 80-нен аса үміткер бағын сынады.

Сайыс 4 аталым бойынша өтті…

Біріншісі – «Бұқар жырауша». Мүшәйра талабы бойынша өткен бұл сайысқа қатысқан ақындар өз туындысын жыраулар поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның күрделі мәселелерін өз толғауында аша білді. Бұл аталымның жеңімпазы – Ерік Нарынов. II орынды Фариза Бейсенбекова, Абзал Мақаш, III орынды Боташ Ноғаева, Ардақ Тойшыбекова, Ерман Бауыржан иеленді. Ал, арнайы жүлдені Айтуар Бекежанов пен Қайсар Дүйсенбай місе тұтты.

Екіншісі – «Бұқар жырау оқулары». Қатысушылар Бұқардың шығармашылығын, яғни, жыр-толғауларын мәнерлеп жатқа оқыды. Бұл аталым бойынша, I орынды Халипа Төлеу, II орынды Нұрғиса Қарасарт, Рамазан Жакупов, III орынды Айым Бултаева, Аида Сатаева, Жандос Бақытұлы иеленді. Арнайы жүлде иегерлері – Іңкәр Бөкенова, Жанерке Тәшімбекова.

Үшіншісі – «Жыршы жыраулар сайысы». Әнші-жыршылар белгілі бір аспапта (қобыз, домбыра, сырнай) мақамға салып орындады. Жүзден жүйрік деп Мұқтар Әділов танылды. II орынды Еркежан Сәдуақасова мен Ұланғасыр Қамиев өзара бөлісті. III орын иегерлері – Доскей Ботпай, Тілеубек Жанаров. Арнайы жүлде Бейбарыс Сахаба мен Бекболат Еркеғалидың еншісінде.

Төртіншісі – «Әлемді түгел білсе де». Өзге ұлт өкілдері арасында Бұқардың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқып, жұрттың көңілінен шықты. Бұл аталым жылдағы байқаудың бірден-бір ерекшелігі болып саналады. I орынға Татьяна Чернонко, II орынға Сабина Шайменов, Зарина Сафарова, III орынға Араксия Оганнисян, Анастасия Стрюкова, Милана Мених иеленді. Арнайы жүлдеге Данил Пузырев, Анастасия Митковская лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Осылайша, Бұқар бабамыздың жырларын ұрпаққа кеңінен насихаттау барысында өткен байқау өз мәресіне жетті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button