Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітіліп Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 46 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз нысанында және электрондық нысанда алуға болады.

Ұлттық Банкке мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген жеке және заңды тұлғалар қызмет алушылар болып табылады

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес алуға құқықтары бар. Бұдан басқа, қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпаратты алуға құқылары бар. Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын көпшілік талқылау кезінде қатысуға мүмкіндік берілген.

Қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері бойынша шешімдерді, орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ, қызмет көрсетушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге құқылы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мынадай тәсілдері бар, олардың ішінде тікелей Ұлттық Банктің және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтер.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен және регламентімен белгіленеді.

Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы Ұлттық Банкінің не ол не бұл мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне өтініш бере алады. Бұл тек көрсетілетін қызметті алушының компьютерде жұмыс істеу дағдыларын білуін ғана қажет етеді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетудің нәтижесі болып электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру немесе «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ішіндегі мәліметтер табылады.

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін беретін өтініші пайдаланушының сауалы негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамыту аясында бастау алған жобалардың бірі болып табылады. Лицензия процестерін автоматтандыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның лицензия алушыларының және бизнес қауымдастығының арасындағы ақпараттық өзара әрекет ету механизмінің тиімді және айқын болуын қамтамасыз ету ақпараттық жүйенің міндеті болып табылады.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі екі негізгі шағын жүйеден тұрады:

1) сыртқы портал, жеке және заңды тұлғалардың қандай да бір қызметтің түрімен айналысу үшін лицензия (қайта ресімдеуге, қызметті тоқтатуға) алуға өтінім беруге арналған;

2) ішкі портал, мемлекеттік органның лицензия алушыларының қызметкерлеріне сыртқы порталдан келіп түскен өтінімдерді өңдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қолма-қол алынған өтінімдер бойынша жаңа өтініштерді порталда жасауға мүмкіндік береді.

Сыртқы портал Интернетте https:\\ elicense.kz мекен-жайы бойынша орналасқан және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар барлық қызмет алушыларға қолжетімді.

Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабарлау бойынша ақпарат төмендегілер арқылы берілетінін атап өту қажет:

көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын орналастыру;

жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге жазатын өтініші;

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жайлы ақпарат беру бойынша жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтама қызметі болып саналатын Біріңғай байланысу орталығына мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша өтініш жазу.

Бұдан басқа, қызмет алушы әрбір 46 көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Ұлттық Банктің (www.nationalbank.kz) интернет-ресурсындағы «Ұлттық Банктің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері» бөлімінен алуларына болады.

Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы (www.egov. kz) «Бизнеске арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» («Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» – «Бизнес бойынша») қосымша бетінде ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алу тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1. Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау.

2. Валюталық операцияны тіркеу.

3. Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

4. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу.

5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған, оларды «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button