«Астана» балалар-жасөспірімдер клубы ашылды

Қаламыздағы «Шахтер» стадионы жанынан «Астана» балалар-жасөспірімдер клубы ашылды. Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық бастамаларын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді мақсат еткен клубтың ашылу салтанатына Қарағанды қаласы әкімдігінің өкілдері, депуттар қатысты.

Астананың 20 жылдық құрметіне арнайы ашылған клубтың жарқын сәттері көрсетілетін «Клубтың тарихи кітабы» дайындалды. Бұл күні Астана символы – Бәйтерек орнатылымының айналасында музыкалық композиция ұйымдастырылып, «Астана – әсем қала» суреттер байқауы өтті. Сондай-ақ, жасөспірімдер тақырыптық эссе жазды.

– Балалар-жасөспірімдер клубы көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл жерде сән театры, үш тілді насихаттайтын шешендік өнер, бейнелеу студиясы, киім пішу мен модельдеу үйірмесі, мультипликация, жас ақындар клубы жұмыс жасайтын болады, – деді «Шахтер» стадионының директоры Вячеслав Мазуров.

Болашақта «Шахтер» стадионы тұрғындардың сұрауымен зейнеткерлерге арналған клуб ашуды да жоспарлап отыр.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.