Қара жерге қадалған пышақтар құпиясы

Қарағанды қаласында түсініксіз құбылыс орын алуда. Тұрғындар ауладағы гүлзарлар мен ойын алаңдарынан жерге қадалған ондаған пышақты тауып алды. Қазір бұл істі полициейлер бақылауға алып, айыптыларды іздеуде. Әйтсе де, әзірге еш нәтиже жоқ. Ал бұқара халық арасында бұған жын-шайтанмен байланыс орнатушылардың қатысы бары жайлы қауесет таралуда.

Алғашқы 25 пышақ көше бойындағы гүлдердің арасынан табылды. Бастапқыда, бұл пышақтарды коммуналдық мекеме қызметкерлері ұмытып кеткен болуы мүмкін делінген еді. Десек те, кейін қаланың екінші басындағы гүлзардан тағы да 72 пышақ табылды, артынша ойын алаңдарының бірінен 17 пышақ шықты. Осыдан кейін тұрғындар дабыл қағып, балалардың өмірі үшін алаңдай бастады. Қаланың саябақтарды басқару бөліміндегілер абаттандыру жұмыстарына пышақты қолданбайтындарын айтқан соң жұрттың үрейі тіптен күшейді. Айыптылардың дер кезінде табылмауы түрлі қауесеттердің өрістеуіне әкелді. Ал, полицейлер болса әлі күнге дейін жұмбақ пышақтардың жайын анықтай алмай келеді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.