Ресми

Қарағандының Октябрь ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қарағандының Октябрь ауданының әкімі лауазымына Мейрам Кожухов тағайындалды. Осыған дейін ол Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын6 – деп хабарлайды Ortalyq.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кожухов Мейрам Мұратұлы Қарағанды облысы Саран қаласында 1972 жылы 7-ші қарашада дүниеге келген. 
1991 жылы «Пластмасс және резинаны өңдеу зауытын жабдықтау» мамандығы бойынша Қарағанды химия – технологиялық техникумын бітіріп «техник-механик» біліктілігін алды.
2004 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірді, біліктілігі – заңгер.
2008 жылы «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, екінші жоғары білім алды. Біліктілігі – инженер.
1992 жылғы қыркүйектен 1994 жылғы қаңтар аралығында «МК-ЛЮКС» ЖШС атқарушы директоры болып істеді.
1999 жылғы қаңтардан 2001 жылғы наурызға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2001 жылғы наурыздан 2005 жылғы ақпанға дейін – Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.
2005 жылғы ақпаннан 2005 жылғы маусымға дейін уақытша «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ меңгерушісінің міндетін атқарды
2005 жылғы маусымнан 2010 жылғы шілдеге дейін Ақтас поселкесінің әкімі.
2010 жылғы шілдеде Саран қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлк және байланыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button