Жаңалықтар

Қарағандылық қыз қола медаль жеңіп алды

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қарағандылық бойжеткен ел құрамасының қоржынына медаль салды. Балуан қызымыз Эльмира СЫЗДЫҚОВА 76 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Еркін күрес шебері 76 келі салмақта күш сынасты. Қола медаль үшін оңтүстік кореялық Юн Джу Хванмен белдесті. Нәтижесінде, шүмектеп тер төккен қарағандылық қыз 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 11-ші медаль болды. Сондай-ақ, Эльмирамен қатар таэквондошылар – Жансель Дениз бен Руслан Жапаров, Маунтинбайкер Кирилл Казанцев және су полосынан әйелдер құрамасы жүлделі орындардан көрінген-ді.

Қазақстан спортшылары осы уақытқа дейін 15 медальді олжалады. 1 алтын, 5 күміс, 9 қола.

Қытай 65 медальмен (32-21-12) көш бастап тұр. Екінші сатыда – 52 медалі (14- 18-20) бар Жапония. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеуде. 35 медаль (9-12-14).

Азия ойындары 2 қыркүйекте тәмамдалады. Қазақстаннан барған 440 спортшы 25 спорт түрі бойынша жүлделерді сарапқа салуда.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button