Жаңалықтар

Қарағандылықтар мамыр соңында аққала жасап жүр

Кешелі бері күн суытып, табиғат салқын қабақ танытып тұр. Биыл көктем болмады, негізі. Күн жылығанымен, қызбады. Көк те бойлап көтеріле қоймады. Өткен бір-екі тәулік күн ыси бастағанда, «е, болды осымен, құралайдың салқынын күткен екен» деп едік. Онымызды мына суық өтірікке шығарды. Мәселен, кеше түнде (28.05) Қарағанды облысының кей аумақтарында ауа райы температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, жел секундына 28 метр жылдамдықпен соқты. Бүрсеңдеп қалдық. Күндіз де жарытып жылымады. 10-13 градус айналасында тұрды да қойды.

Дәл осы кезде Қарқаралы ауданына қарасты Бақты ауылының тұрғындары төпелей жауға жазғы қардан аққала соғып, жырғап қалды. Мамырда жасалған аққаланың суреті “Инстаграм” желісінде жарияланып, әп-сәтте әлеуметтік желінің “жұлдызына” айналып шыға келді.  

Табиғат тамыршыларының болжауынша, осы ай күн қызбайды. Асса, 19 градусқа ғана жылиды. Жалпы, Арқаның жазы құралайдың салқынынан соң төбе көрсетеді. Сол құбылысқа сүйенген біз келесі айдан жылы шырай күтеміз. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button