Жаңалықтар

Қарағандылық азамат өзін өртеп жібермек болды (видео)

Қарағанды қаласының іргесіндегі Ақтас кентінің тұрғыны “Завод” сауда үйінің автотұрағындағы  көлікте өзін өртеп жібермек болды. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін өлтірмеу үшін ақша талап еткен. Алайда өз өмірін нақты қаншаға бағалағаны белгісіз. 

Құтқарушылардың және жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.  

Кейіннен өзін өлтірмек болған ер адамның күйзеліске түскені анықталды. Ол осыдан біраз уақыт бұрын ЖКО ұшырапты. Жол көлік оқиғасына айыпты азамат оған 60 мың теңге төлеуге уәде беріп, оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда келесі күні телефонын өшіріп тастапты. Ал бұған ашуланған ер адам сауда үйінің алдындағы көлігіне кіріп, өзін өртеп жібермек болған.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button