Бас тақырыпРуханият

Қарағандыда республикалық командалық айтыс өтеді

AMANAT партиясының қолдауымен, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында «Ордалы Қарағандым, шежірелі Қарқаралым» атты Республикалық командалық айтыс өтеді. Айтыс 2 тамызда Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында сағат 15:00-де басталады.

Айтыста Қарағанды және Абай облысының командасы өзара бақ сынайды. Қарағанды облысының командасында Айтбай Жұмағұлов, Тілеген Әділ, Мақсат Аханов, Дидар Қами, Нұрмұхаммед Байсүгір, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркен, Мұхтар Әділ, Балқан Смағұлов және Мағжан Мыңбай сынды елге есімі белгілі өнерпаздар бар.

Ал, Абай облысының команда мүшесінде Дәулет Сметов, Айбек Жеңісқазин, Әсем Ережеқызы, Рустем Қайыртайұлы, Қуандық Кенжебекұлы, Гүлмира Сарина және Нариман Қажымұратұлы бар.

Аламан айтыста ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай төрелік етеді.  

Қазылар алқасының құрамында фольклортанушы Берік Жүсіп, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаев бар.

Айтыстың жүргізушісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтай.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button