АймақҚарағанды

Қарағандыда ұрлығын жасыру үшін көлікті өртеген күдікті ұсталды

Қарағандыда полиция қызметкерлері 63 жастағы ауыл тұрғынының автокөлігін қасақана өртеп жіберу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Сурет облыстық полиция департаментінен

Оқиға таңғы сағат 5:00 шамасында болған. Зейнеткер аулада тұрған көлігінің отқа оранғанын байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Оқиға орнына орнатылған бейнебақылау камералары қылмыстың қалай жасалғанын тіркеген.

Бейнежазбаға сәйкес, белгісіз ер адам көлікке жақындап, жүргізуші есігінің әйнегін сындырған. Кейін салонға кіріп, өшірілмеген темекі тұқылын тастап шыққан. Ол қауіпсіз жерге барып, көліктің толықтай жанып кеткенін бақылап тұрған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Тергеу мәліметінше, ер адам көлікті бұрын жасаған қылмысының ізін жасыру үшін өртеген. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін аталған көлікте болған 1 мың АҚШ долларын қолды еткен. Әшкереленуден қауіптенген күдікті айғақтарды жою мақсатында көлікті өртеп жіберуге шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталу

Арнұр ҚАУАЗХАНОВ 
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button