Бас тақырыпРесми

Президент Ерлан Қошановқа партия басшылығындағы нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді. 

Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button