“Біз жерлесімізді мақтан тұтамыз” – Ермағанбет Бөлекпаев
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдануымен құттықтады.

Өңір басшысының айтуынша, Геннадий Головкин – Орталық Азиядан аталған мәртебелі даңқ залына енген алғашқы боксшы. Бұл – спортшының көпжылдық еңбегінің, жарқын спорттық мансабының және әлемдік бокстың дамуына қосқан зор үлесінің нәтижесі.
Ермағанбет Бөлекпаев жерлестерін даңқты спортшыны құттықтауға шақырды. Бұл жетістік Қазақстан спорты үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.
«Біз жерлесімізді мақтан тұтамыз», – деп жазды облыс әкімі.
Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануы оның әлемдік спорттағы жоғары беделі мен тарихи жетістіктерінің тағы бір дәлелі.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



