АймақРуханиятТеміртау

Теміртауда аймақтық ақындар айтысы өтті

Теміртау қаласы әкімдігінің қолдауымен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік Теміртау» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Қарағанды облысының аудан қалаларымен қатар, Ұлытау, Қостанай, Павлодар облыстарынан 14 ақын бақ сынаған сөз додасында Бас жүлде – ұлытаулық Сырым Нығызбаевтың қанжығасына байланды.

Суреттер: шараны ұйымдастырушылардан алынды

Жыр додасы Қаныш Имантайұлының есімін ұлықтау, жастарға өнеге ету, сол арқылы өскелең ұрпақты өнер-білімге, адал еңбекке шақыруды мақсат етті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов, ақтаңгер ақын Дидар Қами бастаған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Сырым Нығызбаевқа, I орын Тілеубек Жанарысқа берілсе, жүлделі II орынмен Әлихан Ерғалиев, Нығметолла Әлихан, III орынмен Самат Думан, Нұрмұхаммед Байсүгір, Нұрлыбек Төкенов марапатталды.

Сонымен қатар, айтысқа қатысқан барлық ақынға 100 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button