Ертең, 25 қараша күні «Global Сity» сауда ойын-сауық орталығында «Ауыл Береке – 2023» облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындарына төрт бағыт бойынша тегін қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Жәрмеңкеге келушілер жүзден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін орташа нарықтан 10-15% төмен бағада сатып ала алады. Бұл облыстың Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының өнімі. Сондай-ақ, саудаға Қарағанды, Саран, Шахтинск өңдеу кәсіпорындары да қатысады.
Жәрмеңкеде тұтынушыларға 560 тонна ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылады: ет, көкөністер, сүт өнімдері, балық және басқа да тауарлар.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Global City-ге төрт автобус тегін жүреді.
Барлық автобустарда арнайы «Жәрмеңке» деген жазумен тақтайшалар орналастырылады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz