АймақҚарағанды

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді

Қарағандыда Карл Маркс көшесінде №56 және №44 автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, жеті жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Сурет: облыстық полиция департаментінен

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше оқиға Карл Маркс көшесінде орналасқан «Корзина» сауда үйінің маңында болған. Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптама тағайындады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жолаушылардың №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін, салдарынан бес қарағандылық медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың барлығы әртүрлі дене жарақаттарын алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button