АймақҚарағанды

Қарағандыда 11 жастағы бала терезеден құлап кетті

Кеше, 11 қазан күні Мұқанов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің терезесінен 11 жастағы бала құлап кетті.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2012 жылы туған бала үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған. Бала үйде әжесімен бірге болған, ата-анасы жұмысқа кеткен.

Аталмыш жайт 2023 жылдың басынан бергі балалардың терезеден құлау фактісінің 25-ші жағдайы болып тіркелді.⁣ Бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button