Облыста 2025 жылға дейін 22 мектеп салынады. Оның 18-і «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтереді, деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев брифингте.

– 10 жайлы мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Қарағандыда тағы бір заманауи оқушылар сарайы пайда болады. Жыл соңына дейін сондай-ақ 400 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. Соған сәйкес кезекте тұрғандар саны 700 адамға дейін қысқаруы тиіс. Біз тек облыс орталығын ғана емес, моноқалалар мен аудандарда да үйлер саламыз. Облыста барлығы 392,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 400 мың шаршы метрге жеткіземіз, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz