Ресми

Қарағанды облысында көктемгі алқап жұмыстары аяқталды

Қарағанды облысының аграрийлері ауа-райының қолайсыздығына байланысты кеш бастауға тура келген көктемгі алқап жұмыстарын аяқтады. Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлімдеді.


– Ағымдағы жылы облысымыздағы жалпы егіс ауданы 915 мың гектарды құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 62 мың гектарға көбірек. Дәнді-дақылдармен 836,2 мың га жер егілді. Аймағымызда жасымық, мақсары және басқа да дақылдардың егісі ұлғайды, – деді Сағынжан Апақашов. 
Сондай-ақ орамжапырақ пен сәбіз егу көлемі де өскен. 
Облыстағы барлық шаруашылықтар дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, көкөністер мен картоптың үшіншіден төмен емес репродукциясы тұқымдарымен қамтамасыз етілді, деп атап өтті баяндамашы. Тұрақталған баға бойынша 17 мың тонна дизельдік отын бөлінген.
Бүгінгі таңда алқаптарда суғару жұмыстары басталды. 
– Облыстың барлық шаруашылықтары сумен қамтамасыз етілген. Көктемгі алқап жұмыстарының уақытында аяқталуына ауылшаруашылық техникасының дайындығы, жанар-жағар маймен қамту және қалыпты қаржыландыру зор септігін тигізді. Бүгінде облысымыздың 1387 шаруашылығы электрондық карталарға ие, – деп ақпараттандырды басқарма басшысы.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов егістікті химиялық шөптеу және бумен өңдеуді ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 

 karaganda-region.gov.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button