Қарағанды облысында 2 қарашада сиреналар қосылады

Азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде жоспарланған. Қарағанды облысының ТЖД тұрғындарды сиреналардың іске қосылуы туралы ескертеді.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

– 2023 жылдың екінші қарашасында сағат 11:00-де барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеулеріңізді сұраймыз, – делінген ведомство хабарламасында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.