АймақҚарағанды

Қарағанды облысы әкімінің грантына өтінім қабылдау басталды

Қарағанды облысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға өңір басшысының гранттарын беру бойынша конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурсқа қатысуға 18 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) кәсібін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер жіберіледі.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл бар-жоғы 50 бизнес-идеяны қолдау жоспарлануда. Бір грант сомасы – 2 млн теңге.

Конкурстық өтінімдерді іріктеу кезінде комиссия мүшелері келесі шарттарды ескереді:

– бизнес-идеяның өзіндік ерекшелігі;

– бизнес-жобаны іске асырудың нақты жеріндегі тауарға/қызметке нарықтық сұраныс деңгейі;

– бизнес-жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің тәжірибесі/біліктілігінің болуы;

– жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті.

Гранттарды бөлу кезінде басымдық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және жұмыссыздарға берілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан фронт-кеңсеге өтінім беру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 135 (жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы).  Өтінімдер 2023 жылғы 20 қарашада сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Барлық қажетті ақпаратты “Телеграмнан” сілтеме арқылы алуға болады https://t.me/qoldau09.

Байқау туралы толығырақ мына нөмірлер бойынша білуге болады: 8-701-122-24-63, +7 – 775-776-83-75.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button