«Шахмат керуені» – Қарағандыда

Еліміздің шахмат федерациясының ауқымды жобасы – «Шахмат керуені» бастау алады. Ашық шағын турнирлер 18 қалада өтпек. Қарағандыға спорттық керуен 21 қыркүйек күні келеді.

Сурет: Ашық дереккөз

Турнир идеясы Ұлы Жібек жолының тарихи керуендерінің идеологиясы негізінде пайда болған. Мақсаты әлем халықтарының мәдени және спорттық дәстүрлерін танымал ету.

Қарағандыда шахмат жарыстары Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының алдындағы алаңда өтеді. Жарыс үшін арнайы әйнек қасбеті бар заманауи киіз үй тігіледі. Турнирді ұйымдастырушылар көрермендер мен жанкүйерлерін 21 қыркүйек күні сағат 10.00-де жарыстың ашылуында күтеді. Спорт мерекесі концерттік нөмірлермен ұласатын болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау сағат 15.00-де өтеді. Турнир аясында шеберлік сабақтары немесе белгілі гроссмейстерлердің бір мезгілде ойын сеансы өтеді.

Өңірлік біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасындағы Гранд-финал Астанада 10 қарашаға жоспарланған. Мықтылардың мықтысы бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.