Жаңалықтар

Қарқаралыдағы «бос тұрған» мектепке қатысты шындық

Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылындағы мектеп ғимараты бос тұрғаны туралы ақпарат желілерде осыдан бір апта бұрын шыққан болатын. Ол кезде мұғалімдер өздері жаңа оқушыларды қабылдау туралы хабарлама орналастырған болатын. Хабарландыруда оқушылардың ата-аналарында ауылда жұмыс пен баспана ұсынылатыны туралы айтылған еді. Сол кезде қарағанды облысы Қарқаралы ауданының білім бөлімі жетекшісі Арғын Елеусізов бұл хабарландыруға еш қатысы жоқтығын айтқан болатын. Алайда, ол мектепте шынымен де оқушылар саны мектеп қабылдай алатын көлемнен аз деген еді, – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.


Шын мәнісінде мектеп бос тұрмағаны және онда екі ауысым бойынша жұмыс атқарылып жатқаны анықталды. Бірінші ауысымда мектепте оқушылар мен шағын-орталық тәрбиеленушілері болса, екінші ауысымда осында орналасқан музыка мектебінің сабақтары, үйірмелер мек секциялар өтеді. 
– Қазір мектепте шағын орталықты ескерсек, 91 бала оқиды. Олардың барлығы бірінші ауысымда білім алады. Екінші ауысымда ғимаратта музыка мектебі, шахмат бойынша үйірме, спорттық секциялар жүргізіліп, мәдени-сауықтыру шаралары өтеді. Сондықтан мектеп бос тұр деп айту қиын, – дейді Қарағанды облыстық білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев. 
220 орынға шақталған мектеп Матақ ауылында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ашылған болатын. Оның құрылысына 264 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Оқу орнында спорттық және акт залдары, кітапхана, заманауи кең кабинеттер бар, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шағын орталық жұмыс істейді. Осылайша, мектеп ғимаратының аумағы 100% пайдаланылады. Сондай-ақ Матақ ауылында нәрестелердің дүинеге келу көрсеткіші ұлғайғаны байқалады, қажетті инфрақұрылымдар да жасалуда.
Осыған байланысты Матақ ауылы даму әлеуеті бар елді мекен болып табылады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button