Қарқаралыда әлеуметтік павильон ашылды

Республика күні қарсаңында Қарқаралы ауданының орталығында жаңа әлеуметтік павильон ашылды. Аталған павильон «Сары-арқа нан» кәсіпорының қолдауымен ашылған. Енді бұл жерде азық-түлік өнімдерін халыққа 10-15% жеңілдікпен сатпақ.

Сауда орнының басшылығы әлеуметтік осал топтарды қолдауды да жоспарлап отыр. Мәселен, тегін нан таратып, бірнеше отбасыға жүйелі көмек көрсетуді мақсат етпек. Дәл осындай павильонды аудан орталығынан бөлек, Қарағайлы кентінен де ашу жоспарда бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Қарқаралы ауданы.
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.