«Аntıkor ortalyǵy» онлайнда қызмет көрсетеді
Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты 2020 жылдың 19 наурызынан бастап «Аntıkor ortalyǵy» қызмет көрсету орталығының қызметі және азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды.
Бұрын қабылдауға жазылған азаматтардың кезегі сақталады. Қайта қабылдау басталған кезде жаңа кесте қосымша хабарланады. Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Департамент басшылығымен азаматтарды «онлайн» қабылдауды ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін кеңсенің 8 (7212) 91-36-26, 91-37-09 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «ҚазПочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді беру мүмкіндігі сақталады.
Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін Департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call-орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.