Жаңалықтар

Алтын жауынгер – егемендік тірегі

Дүйсенбіде өткен «Алтын жауынгер» сайысына Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген әскери қызметкерлер қатысты. Олардың қатарында взвод командирлері, батальон командирлері мен қатардағы жауынгерлер болды. Қатысушылар 18 аталым бойынша өзара бақ сынасты. Ал, марапаттау рәсімі биыл ауқымды түрде өтті.

Бұл шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ең алдымен біздің әскери қызметкерлердің еңбегіне баға беруді көздедік. Содан кейін, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін күшейтуді ойладық. Себебі, әскери мамандық жүректегі патриотизмді талап етеді. Бұл шараның басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында ең үздіктерді анықтау. Айта кету керек, біз түрлі бағыттар бойынша үздік офицерлерге әрдайым құрмет көрсетіп келемі. Алайда биылғы жылы бұл шара кеңінен қолдау тапты, – дейді Қазақстан РеспубликасыҰлттық Ұланы Бас Қолбасшысының орынбасары Мұхамедқали Сатов.

Салтанатты шарада Ұлттық Ұланның күзетшілері мен кинологтарының үздік басшылары ғана емес, сондай-ақ, әскери бухгалтерлер мен медбикелер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де анықталды. Барлығы 18 аталым.

Сонымен қатар, 6505 әскери бөлімінің екінші атқыштар батальонының қолбасшысы, майор Әнуарбек Нұрмахамбетов үшін бұл кештің маңызы жоғары болды. Өйткені, ол ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақановтың қолынан тек «Кәсіби жауынгер» марапатын ғана емес, сонымен қатар, подполковник шенін алды.

– Мен қарамағымдағы әрбір солдатқа жіті көңіл бөлуге тырысамын. Өзімнің командама, жетекшілеріме алғыс айтамын. Бұл – бірлескен жұмыстың жемісі. Мамандығымда қалтқысыз еңбек етуге әрдайым дайынмын, – деп өз әсерімен бөлісті Әнуарбек Нұрмахамбетов.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button