Сәтбаев

Алапат өрттен 4 жастағы сәби қаза тапты

Сәтбаев қаласында екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 4 жастағы бүлдіршін қаза тапты. Ауыр жараланған баланың анасы жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылған.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шыққаны туралы ақпарат сейсенбі күні сағат 05:22 шамасына түскен. Өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына барып, жалынның бетін қайтарады. Әйтсе де, 2015 жылы туған бүлдіршінді құтқарып қалу мүмкін болмаған. Ал, түтін исінен уланып, денесін күйік шалған 1988 жылғы келіншек аурухана жеткізілді. 

Басқа материалдар

Back to top button