Қайырымдылық концерт өтті

Дүйсенбі күні Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан бекітілген «Бақытты балалық шақты қорғау» жылын қорытындылау аясында қайырымдылық концерті өтті.

Концерттің бас қонағы, қазақ эстрадасының жұлдызы, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бейбіт Қорған әннен шашу шашты.

Сондай-ақ, Пионерский балалар үйінің тәрбиеленушісі Валентина Неслевская мен Қарағанды қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының инспекторы Меруерт Тойбекова «Гадалка», Ангелина Заврачай мен Теміртау қалалық полиция басқармасының тергеушісі Арай Сәулеханова «Prima oara», Литвиновский балалар үйінің тәрбиеленушісі Антон Клименко мен Теміртау қалалық полиция басқармасының кадр бөлімінің қызметкері Нұрбол Жұмаділов «Клен», Элла Трувэ мен Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері Диана Каримова «Земля Казахстана», Теміртау қаласы балалар үйінің тәрбиеленушісі Кимран Попаян мен Қарағанды жол-патрульдік полициясының қызметкері Біржан Қошмағанбетов «Бұл өмірде» әндерін нақышына келтіре орындады.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайыркен Әлиев шараға атсалысқан танымал әнші Бейбіт Қорғанға және ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Барлық қатысушылар «Бір үйдің баласындай» әнін қосыла шырқап, кеш қонағымен естелік суретке түсті.

Қасымхан ҒАЛЫМ