Жаңалықтар

Қайырымдылық – қазаққа тән

Кейбір ата-аналардың материалдық жағдайы балаларын мектепке дайындауға мүмкіндік бермейді. Солай бола тұра, олардың мемлекеттік ұйымдардан көмек сұрап келуге қымсынатыны белгілі. Осы мақсатта облыстың білім басқармасы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға материалдық демеу көрсетуге кірісті. Игі шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асады.

Бұл – әртүрлі себептерге байланысты қиын жағдайда қалған оқушылардың өзін өзгелерден кем сезінбей, қатарластарымен бірге мектепке жақсы көңіл-күймен баруы үшін жасалған шара.

Әлеуметтік себептермен оқушылардың мектепке бармай қалуының алдын алады. Осы мақсатта материалдық және басқа да көмек көрсетіледі.

 Сондықтан, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау акциясына барлық білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, кәсіпорындар қатыса алады.

Акция аясында балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, профилактикалық рейдтер ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету үшін киім-кешек, оқу құралдарын қабылдайтын пункттер ашу, төмендетілген бағамен мектеп тауарларын сататын кәсіпкерлерді тарта отырып мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Акцияға демеушілік жасау мақсатындағы азаматтардың өтініштерін жедел қарастыру үшін барлық білім ұйымдарында 412288 «шұғыл желі» байланысы жұмыс жасайды.

 Аз қамсыздандырылған отбасыларға қол үшін бергісі келген әрбір қала тұрғыны акцияға қатысып, өз жәрдемін ұсына алады.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button