АймақҚарағанды

Аймақта дауылды ескерту әлі де сақталады

Ауа-райының жақсаруына байланысты автожолдардың 13 учаскесінде, оның ішінде Республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде қозғалыс ашылды.

Суреттер: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автожолдардың 9 учаскесінде, оның ішінде Республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.

Автожолдардың жабық учаскелерінде барлығы 142 адам және 66 техника жұмылдырылды.

Соңғы тәулікте ТЖД, ҚР ТЖМ 52859, полиция департаменті және жол ұйымдары күштерімен 76 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала, 237 адам эвакуацияланды, оның ішінде 34 бала, қар құрсауынан 15 автомобиль шығарылды, сондай – ақ 10 авариялық-құтқару 4 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар алты жылыту пунктінде 191 адамды орналастырды, оның ішінде 14 бала.

Абай ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, Ақбастау ауылы Жәнібек қыстауы, 11 қаңтар сағат 04.00-ден бастап ТЖД күштерімен 10 қаңтар сағат 12.00-де мал іздеуге аттанған 2 шопан іздестірілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button