Жаңалықтар

Айгүлде – алтын медаль

«AKTAU OPEN PARA DANCE CUP 2018» республикалық байқауда арбадағы би турнирінде жерлесіміз Айгүл БАЛМАҒАМБЕТОВА топ жарып, алтын иегері атанды.

Жігерлі жерлесіміз Айгүл 2015 жылдан бері бимен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол түрлі сайыстарда бірнеше жүлделі орындарды иеленген. Ал, осы жылдың сәуірінде Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатында күміс медальды жеңіп алған.
Қазылар алқасы арбадағы биде басқа да би түрлеріндегідей бишінің тұла бойын қалай ұстай алатынына, ырғаққа бейімділігі, бидің күрделілігі мен оны орындау мәнеріне назар салды.

– Арбадағы би – айтарлықтай қымбат құмарлық, себебі ол үшін арнайы арбалар қажет. Жеңілдетілген және икемді, дөңгелектері бір бұрышқа иіліп орнатылады да, арқасы төмен болады. Ондай арбаларды тапсырыс бойынша ғана жасайды. Мұндай арбаның құны шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды. Бірақ бізге Қазіргі заманғы және спорт билері федерациясы үлкен қолдау көрсететіп отыр. Олар бізге арбаны қолдануға беріп, ал өткен жылы мүгедектік спорт мектебі осындай арбаны сыйға тартты. Сонымен қатар, бізге Қарағанды облысының спорт басқармасы мен Саран қаласының мүгедектер және психоневрологиялық дерттерге шалдыққан науқастарға арналған интернат көмектеседі, – дейді жаттықтырушы Күлшім Аталықова.

Арбадағы би спорт түрі ретінде Қазақстанда 2009 жылы пайда болған. Қарағанды облысында ол мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өте танымал. Мұндай бишілерді Қазіргі заманғы және спорттық билер федерациясы, Қарағанды облыстық мүгедектер спорт мектебі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау танытады. Осы жеңістің арқасында, ол Азия чемпионаты мен әлем кубогына қатысуға лицензия ұтып алды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button