Жаңалықтар

Айбарлы ұлдар бәсекесі

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. Іргесі берік елді – жау алмайды. Елдің тыныштығына ұйытқы – сарбаз. Сол сарбаздар арасындағы сайыс басталғалы жатыр. Яғни, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 26 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шара – Қарағандыда.

Еліміздің әр облысынан келіп жатқан қатысушыларды керуенсарайдан шашу шашып қарсы алды. Алғашқы сөзді облыстық қорғаныс департаменті басшысының орынбасары Қанат Әбілханов сөйледі. Шараның мақсатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ақжол Құрмансейітов шара маңыздылығына тоқталды.

«Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2015 жылдан бастап дәстүрге айналған. Шара мақсаты жастарды отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери қолданбалы және техникалық түрде даярлау болып табылады.

Шілденің 17 және 18 күні «Спасск» оқу кешені сайыс алаңына айналмақ.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button