Жаңалықтар

“Абай оқуларынан” – алтын медаль

Қарағандылық оқушы Нұргүл ЫСҚАҚОВА – Семейде өткен ХІХ республикалық «Абай оқуларында» І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Қалалық №61 орта мектептің 9-сынып оқушысы сайысқа «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымында қатысқан болатын. Нұргүл алтын медальмен қатар, электрондық кітаппен марапатталды. Сондай-ақ, Нұргүлдің жеңісіне дәнекер жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Дидар Төрекелдинді қазылар алқасы ерекше атап өтіпті.

Сайысқа Қазақстанның 16 аймағынан келген «Үздік мәнер» аталымына үміткер 100 оқушымен қоса, Қарағандының намысын қорғауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 4 оқушы да қатысып қайтты. Олар да жүлдеден құралақан емес.

Атап айтсақ, «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша Ұлытау ауданы №2 мектептің 7-сынып оқушысы Аяла Сартай, Бұқар жырау аудандық ресурстық мектебінің 11-сынып оқушысы Жанбота Хашқынбай «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жамбыл атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Ұлжан Наурызбай «Ұлылар әлемі» эссесі үшін «Жас зерттеуші» атанды.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button