Жаңалықтар

«Ақылды қалаға»  бір қадам

Қарағандыны ақылды қалаға айналдыру үшін сандық технологиядағы тың жобалары бар жастардың бір легі – тағы бәсекеге түсті. Үшінші хакатон тақырыбы – «Smart city Karaganda».

Жалпы, шаһардың әлеуметтікэкономикалық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді деген өз еңбектерін 20-ға жуық бағдарламашы ұсыныпты. Әділ қазылар алқасының назарына 13 жоба жіберілді. Әдеттегідей хакатон мақсаты – шаһардың қажеттілігін өтейтін жобаларды танып, оны қолданысқа енгізуді көздейді. Сол арқылы озық жобаларды қолдау, ынталандыру.

Жастардың сандық технологиядағы ойлап тапқан жаңалықтары қоғамның әр саласын қамтиды. Бұған дейін өткен хакатонға қатысушылардың бір парасы озық ойын іске асыруға мүмкіндік алғантын. Үшінші хакатон да жастардың тынысын ашуға сеп боларына ұйымдастырушылар сенімді. Сонымен…

Үшінші орынды «К-Маркет.кз» жобасымен 129 ұпай жинақтап, 200 мың теңгені Айдос Искаковтың командасы қанжығасына байлады. Екінші орын және 300 мың теңге көлеміндегі сыйлықты Вячеслав Литвиновтың тобы «Soul MAP» жобасы үшін иеленді. Бірінші орын, 500 мың теңге 178 ұпай жинаған Сейдамет Сүлейменовтың тобына «Smart Bus» жобасына берілді. Жалпы, жүлде қоры 1 млн.теңге марафонда оза шауып, бәйге алғандар алдағы уақытта Қарағандыны ақылды қалаға айналдыруға үлес қоспақ.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button