Жаңалықтар

Ақтөбеліктер – Арқада

Арқаның сұлу әрі киелі жерлерін тамашалауға Ақтөбеден 70 бала келді.

Өнердің, оқудың, спорттың үздіктері бүгін Теміртау қалалық тариxи-өлкетану мұражайын аралауда. Оқушылар төгілмейтін сиясауын және қаламұш арқылы Теміртау мұражайына естелік жазып қалдыруда. Ақтөбедегі қазақ түрік лицейінің оқушысы Нұрбек Мысиев: “Мұражайдағы экспонаттардың бәріміз үшін қолжетімді болғаны ұнады. Қамшы өрдік. Бомбаның қалдықтарын көрдім”, – дейді. Мұражай мамандары “Руxани жаңғыру” бағдарламасы аясында балаларға ауыспалы көрмедегі тариxи жәдігерлер жөнінде кеңінен түсіндіруде. Сондай-ақ, олар Санкт Петербургтен келген қозғалмалы гиганттардың мұз басу дәуіріндегі көрмесін тамашалауда. Оқушылар түстен кейін Самарқан бөгеніне және Долинкадағы саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барады. Ертең олар Қарқаралының табиғатын тамашалап, киелі жерлерін аралайды. Бұл туралы газеттің алдағы санында толығырақ…

Аяулым СОВЕТ,
“Орталық Қазақстан”

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button