Экология департаменті тұрғындардан келіп түскен өтініш негізінде Қарағанды қағаз комбинатына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында экологтар Қарағанды қағаз комбинатының жұмысындағы заңсыздықтарды анықтап, кәсіпорынның қызметіне тыйым салды.

Аталмыш компания 100% таза ағаш целлюлоза талшықтарынан картон және макулатураны қайта өңдеумен айналысады.
Жоспардан тыс тексеру барысында кәсіпорын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз ауданы 200 м2 гидротехникалық құрылыс (шұңқыр) салғаны анықталды. Бұл гидротехникалық шұңқырды салу кезінде сақталуы керек стандарттарға сәйкес келмеген. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 85-бап, 87-бап, 90 бабымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 332 баптың 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша заңсыздықтарды жою туралы 2023 жылғы 19 маусымдағы №00034 ұйғарым шығарылды.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзушылықтар негізінде департаментпен Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 178-бабына сәйкес рұқсат берілгенге дейін нысанды пайдалануға тыйым салу туралы талап арыз сотқа жолданды.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі қарау нәтижесімен осы азаматтық іс бойынша оң шешім шығарылды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz