ЖаңалықтарҚарқаралы

Ағайындылардың денелері табылды

   5 сәуір күні Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ жүргізіліп жатқан іздестіру жұмысының барысын бақылау мақсатында Нұркен ауылына келді.

Сол жерде бірнеше күннен бері жұмыс жүргізіп жатқан арнайы жасақты жинап, бірнеше топқа бөліп, жоғалған ағайынды жігіттерді мұқият іздестіруді тапсырды. Сонымен қатар, 52859 әскери бөлімінің 25 сарбазын әскери бөлімнің майоры, құтқарушылар батальонының командирі Р.Жакулин қосымша күш ретінде бастап келді.

Аталған құтқарушылар бригадаларының іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, Дархан Сәбитовтің денесі – 6 сәуір күні кешке таман, Сайран Сәбитовтің денесі 7 сәуір күні таңертең табылды. Мәйіттер Қарағанды қаласында сот-медициналық сараптамадан өткізілді.

Оқиға орнында 50-ге тарта құтқарушы, 10-нан астам арнайы техника жүр. Жалпы, елді мекендердегі жағдай облыс әкімі Ерлан Қошановтың қатаң бақылауында. Сонымен қатар, су басу қаупі бар елді мекендерді қауіптен қорғау мақсатында инертті материалдар әлі де тасымалдануда.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button