«Qarmet» ұжымымен металлургия саласының даму бағыттары талқыланды
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ның еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Саят Әбдіғали, Гауһар Акижанова, Сергей Ан және Сабыржан Амандықов қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, отандық өнеркәсіпті дамыту, металлургия кәсіпорындарын жаңғырту, өндіріс тиімділігін арттыру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Өндіріс мамандарымен әңгіме барысында саланың бүгінгі ахуалы мен алдағы даму мүмкіндіктері сөз болды. Кандидаттар жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдап, кәсіпорын қызметіне қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кандидат Сабыржан Амандықов өнеркәсіп саласының ел экономикасындағы орнына тоқталды:
«Металлургия – өңіріміздің экономикалық әлеуетін айқындайтын негізгі салалардың бірі. Сондықтан өндірісті дамыту мәселесімен қатар, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайына да басымдық берілуі қажет. Жұмысшылардың пікірі мен тәжірибесі бұл бағыттағы шешімдер үшін маңызды», – деді кандидат Сабыржан Амандықов.
Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



