Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Қарағанды облысында биыл 13 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Оның 10-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Жаңа білім ордалары оқушы санының өсуіне байланысты қосымша орындарға деген қажеттілікті өтеуге бағытталған.Осы және басқа да мәселелер Қарағандыда өткен тамыз конференциясында талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Суреттер облыс әкімдігінен

Мектептердегі робототехника, STEM, химия және физика кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталуда. Ауыл мектептерінің материалдық жағдайын жақсартуға да басымдық берілген.

Білім беру саласындағы маңызды бағыттардың қатарында бала құқықтарын қорғау, буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын күшейту бар. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштері төмендеген.

Өткен жылдан бері педагог кадрлардың резервін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер желісін дамыту да жалғасып жатыр.

Тамыз конференциясында білім саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Осакаров ауданындағы Абай атындағы тірек мектептің мұғалімі Елена Присяжнюк 38 жылдық педагогикалық еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» медаліне ие болды.

Конференция аясында Қарағанды университетінде цифрлық технологиялар, IT, инклюзивті білім беру және мектепке дейінгі, орта, техникалық-кәсіптік білім беру бағыттарындағы жобалар көрсетілді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button