АймақҚарағанды

Кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алдағы сенбі, 21 қазан күні «Ауыл Береке – 2023» кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Global city» мультифункционалды сауда және қойма кешені аумағында өтеді.

Сурет: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, өз өнімдерін облыстың жеті ауданының 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынады. Қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. 560 тонна жергілікті өнім жеткізіледі деп күтілуде: ет, картоп, көкөністер, сүт өнімдері және т. б.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке орнына тегін көлік қатынасы ұйымдастырылады.

Автобустар төрт бағытта қатынайды:

Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін – «30-шы шағынаудан – Global Сity», бағыты келесідей: 30-шы ықшамаудан – Мұқанов көшесі – Республика даңғылы – Шахтеров даңғылы –Тәттімбет көшесі;

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

10.00-ден 16.00-ге дейін:

– «Сұрыптау –Майқұдық – Global City», автобус «Жастар» кафесінен аттанады, одан кейін Жекібаев, Мануильский, Серов, Дружба, Менделеев көшелерімен, одан кейін Магнитогорская – К. Маркс көшелерімен жүреді;

– «Михайловка – Global City», бағыт ДСК-дан басталады, одан кейін: Сейфуллин даңғылы – Аманжолов – Чкалов – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль.

– «Пришахтинск – Global City», бағыты келесідей: 23 ш/а – Луначарский – Зелинский – Попов көшесі – 1-ші 5 магистраль – Гоголь – Абай – Терешкова көшесі – 7-ші магистраль.

Барлық автобустарда арнайы «Жәрмеңке» тақтайшалары орналастырылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button