«Ortalyq Qazaqstan» газетіне – 90 жыл

90 жылдыққа тобықтай тарту

4 қазан – «Ortalyq Qazaqstan» газетінің 90 жылдық мерейтойы. Қазақ баспасөзінің Арқадағы қарашаңырағының бұл тойы әртүрлі іс-шаралармен аталып өтуде.

Ұстазды ұлықтаған жыл

«Ortalyq Qazaqstan» газетінің бұрынғы Бас редакторы, марқұм Мағауия Сембай 40 жыл түтін түтет – кен үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Мағауия Сембай есімін ұлықтау мақсатында «Saryarqa aqparat» медиахолдингіне қарасты облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің редакциясы ауыз толтырып айтарлықтай шаруаның басын қайырып келеді. Мағаш ағамыз мәңгілік мекеніне аттанған бір жарым жыл ішінде марқұмның атындағы шығармашылық байқаудың тұсауы кесілді. Замандастар естеліктері мен марқұмның қаламынан туған дүниелері топтасқан қос жинақ оқырманға жол тартты.

90 жылдыққа 90 түп тал

Қарағанды қаласындағы Са – рыарқа даңғылын абаттандыруға үлесін қосып, 90 жылдыққа арнап 90 түп тал екті. – Бүгін 90 жылдыққа арнап 90 түп ағаш ектік. Бұған екі газеттің қызметкерлері ғана емес, біздің Live09 интернет жобамыздың қызметкерлері де атсалысуда. Соңғы уақытта Қарағандыда құрылы – стар қарқынды жүріп, барынша сәулеттеніп келеді. Соған сай қа – ламыздың жасыл желегін де кө – бейтуіміз керек, – деді «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахмет.

Журналистер додаға түсті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыстың журналистері додаға түсті. Арқаның сөз ұстағандары арқа-жарқа болған жарыс өтті. Қалам ұстаған қауым үстел тен – нисі, қол күрес, кір тасын көте – ру, дойбы және арқан тартыста бақ сынады. Жарыс қорытын – дысы бойынша жалпыкоман – далық есепте I орынды «Ortalyq Qazaqstan» газеті, II орынды «Балқаш өңірі» газеті, III орынды «Saryarqa аqparat» медиахолдин – гі иеленді.

«Атыңнан айналайын, Қарқаралы!»

Бұқар бабаның ескерткіші ой – ылған Ботақара кентіне аяқ басқан экспедиция, Қарқаралының киелі жерлеріне барып, бабаларға тағзым етті. Бұл жолы ұжым Алаш арыста – рының ескерткіші қойылған алаңға, «Мәліксайдағы» Мәди баба зиратына, Құнанбай мешітіне, Құнанбай мен бала Абайдың ескерткішіне тәу етті. Қасиетті Қазыбек бабаның құт – ты қонысы болған қастерлі мекенді көрді. Тәттімбет Қазанғапұлының мазарына барды. Едірейдегі Мәди бабаның «Қараүңгіріне» аяқ басты.

Дөңгеленген шарды домалатты

Үнемі елдің қамын ойлап, aqparat» командасы бұл кезеңде ең көп ұпаймен көш бастап, финалға шықты. Финалда «Бірінші Қараған – ды» арнасына шамалы ғана ұпай – мен есе жіберіп, жүлделі II орынды қанжығасына байлады. Ал, облы – стық «SARYARQA» телеарнасының құра жаңалықты сүйіншілеп жүретін қа – рағандылық журналистер қауымы кәсіби мереке күні спорттық ша – рада бас қосты. Боулинг турнирін – де аймақтың журналистерінен құралған 8 құрама өзара кіл мықты – ны анықтады. Сайыс басталған – нан-ақ ептілік танытқан «Saryarqa» телеарнасының құрамасы ІІІ орынды місе тұтты.

«Азаттықтың алтын тұғыры»

«Азаттықтың алтын тұғыры» атанған экспедициямен газет ұжы – мы Жезқазған-Ұлытау аймағына арнайы барды. Ұжым Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, Ұлытау ау – данында болып, Шыңғыс ханның кеңесшісі болған, атақты күйші, ба – тыр әрі қолбасшы, халқымыздың аяулы перзенті Кетбұқаның ескерт – кішіне, Жошы ханның зиратына тәу етті. Кенді өлкеде кең көлемде алқалы жиындар өткізді.

Басқа материалдар

Back to top button