АймақҚарағанды

90 мың шабақ жіберілді

Қарағанды облысында су айдындарын балықтандыру жұмыстары жалғасуда. Осы күз айларында аймақтың бірнеше өзендері мен Балқаш көлі 90 мың сазанмен толыға түсті. Қараша айының ортасына дейін тағы 20 мың балық шабақтарын жіберу жоспарда бар.

Сурет: Табиғи ресурстар және экологиялық реттеу бөлімі

– Қазақстанда балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жұмыс істейді. Құжат Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Он жылға жуық уақыт бойы су қоймаларын балықтандыру тұрақты негізде жүргізіледі. Биылғы күзде мемлекеттік тапсырыс аясында 90 мың сазан жіберілген. Қараша айында да шабақтарды суға жіберу жоспарланған. Барлығы 110 мың шабақтар жіберілмек, – дейді Табиғи ресурстар және экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Марат Мұхтаров.

Балық аулау су қоймаларының балық өнімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады, деп атап өтті ол. Бұл өзендер мен көлдер фаунасының популяциясын көбейтуге, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтауға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру облыстық бюджеттен жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырысты Қарағанды балық тұқымбағы орындайды. Бұл аймақтағы балық отырғызу материалын өсіретін жалғыз мекеме.

Тұқы жергілікті климатқа ең бейім болған соң таңдалып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, 67 мың шабақтар Балқаш көліне  жіберілген. Бұл республикалық маңызы бар су айдыны. Екінші орында Нұра өзені тұр. Онда 10 мың сазан жіберілді. Сонымен қатар Абай ауданында Топар және Шерубай-Нұра өзендері, Қарағандыда Солонки өзендері де балықтандырылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button